kz

Этика кодексі

 

«Қазақстан актуарийлер қоғамы» ҚБ-нің

Кәсіби этика кодексі

 

Қазақстан республикасындағы актуарийлік қызметтің кәсіби этика ережелерін орнататын кәсіби стандарттар

 

«Қазақстан актуарийлер қоғамы» ҚБ (бұдан былай – ҚАҚ) әрбір актуарийдан адалдық пен техникалық құзырдың жоғарғы деңгейіне жетуді және оны ұстануды талап етуін өзіне міндеттейді. Осы мақсатта «Қазақстан актуарийлер қоғамы» ҚБ әрбір мүшесі (бұдан былай – Актуарий)осы кәсіби және этикалық стандарттарды ұстануы қажет.

 

Бекітілген талаптарды ұстану

 

Қазақстан актуарийлер қоғамының мүшесі осы кәсіби этика Кодексін білуге, ондағы өзгерістерді қадағалауға және оның талаптарын орындауға міндетті.

Қазақстан актуарийлер қоғамының мүшесінен заң және нормативтік құқылық актілермен белгіленген талаптар сұралуы мүмкін. Заң және нормативтік құқылық актілермен белгіленген талаптар осы Кодекспен қайшы келген жағдайда, заң және нормативтік құқылық актілермен белгіленген талаптар басты орын алады.

 

Кәсіби адалдық

 

Осы Кодекс мақсатында, «Принципал» сөзі кез-келген бар немесе мүмкін болар клиенті немесе жұмыс берушіні бейнелейді.

Актуарий кәсіби қызметті адал, тәуелсіз, кәсіби, және ұқыпты орындау керек. Актуарий өз кәсіби қызметін кез-келген Принципал үшін орындау қажет. Егер актуарийдің көзқарасы бойынша, ұсынылған әрекеттер қоғамдық мүдделерге қарсы келсе, Актуарий Принципалға қызмет көрсету мәселесін қайта қарастыруына болады. 

Актуарий қоғам алдындағы кәсіби жауапкершілік құзырында әрекет ету керек. Өз әрекеттерімен, Актуарий, актуарлық кәсіптің биік беделін қолдауы қажет.

Актуарий өз жумысының тәжірибелік стандарттарға лайықты болуына жауапты. Актуарий актуарлық тәжірибе шеңберінде ҚАҚ-мен бекітілген не даярланған сәйкес міндеттелген нусқаулықтарды ескеру керек, сол қатарда ҚАҚ-мен ұсыныс ретінде бекітілген немесе даярланған басқа да ақпараттық мәліметтерді де ескертуге болады.

Актуарий нақты немесе мүмкін болар Принципиалмен немесе үшінші тұлғалармен байланысын сол жақтардың (не басқалардың атынан) өзіне қатысты заңсыз немесе тиіссіз қарым-қатынас орнату мақсатында қолданбауы тиіс.

Актуарий ҚАҚ ішкі нормативті құжаттарымен орнатылған тәртіптік шараларға бағынады, оның ішіне, ҚАҚ тәртіптік шараларымен орнатылган, апелляцияны қарастыруға шағымдану құқығы да жатады.

Қаржы қылмыстардан немесе бұзушылықтардан өз кінәсін мойындаған немесе кінәлі болып табылған Актуарий осы Кодекстің талаптарын бұзған болып саналады, осы аяда ҚАҚ тексеру жүргізіп тәртіптік шараларды қолданады.

Басқа Актуарийдің Кодексті ашық реттелмеген материалдық бұзушылығын біліп қойған Актуарий сол жағдайды басқа Актуариймен талқылау мүмкіндігін қарастырып, ашық бұзушылықты реттеуге тырысу керек. Егер ондай талқылау жүзеге аспаса, немесе бұзушылықтың сәтті реттелуіне әкелмесе, Актуарий жүзеге асқан бұзушылық жайында ҚАҚ-ның кәсіби Комитетіне хабарлауы керек, егер ондай хабарлама заңға қайшы немесе құпия акпараттың ашылуына әкеп соқпаса.

«Құпия ақпарат» тіркесі ашық ақпарат көздерінде жоқ және Актуарий Принципалға кәсіби қызмет көрсету аясында алған ақпатарқа тиесілі. Біреудің меншігі немесе таратуға заңмен тиым салынған ақпарат та құпия ақпарат бола алады.

Елеусіз және нәтижеге әсер етпейтін немесе жай ресмилік болып табылатын бұзушылықтарга қарағанда, егер бұзушылық елеулі болса немесе жағдай нәтижесіне ықпал етсе, Кодекті бұзу материалдық болып саналады.

Заңмен тиым салынған жағдайларда немесе басқа актуарий жанжал туындаған жаққа қатысты болған жағдайда Актуарий анық, реттелмеген материалды Кодекс бұзушылықты басқа актуариймен талқыламауы керек.

Тәртіптік комиссияның кез келген ақпарат суратуларына Актуарий дереу, шынайы және толық көлемде жауап беруі тиіс, сонымен қатар Кодекс бұзу аясында Комиссиямен жүргізіліп жатқан кез келген тәртіптік, консультациялық және өзге де процесімен байланысты мәселелер бойынша бірге қызметтескені жөн. Актуарий тек заңнама талаптарын және құпия ақпаратқа байланысты шектеулерді бұзбаған жағдайда ғана сұраныстарға жауап беруге міндетті.

 

Біліктілік стандарттары

 

Тек білім, оқу мен жұмыс тәжірибесіне сүйенген сәйкес актуарлық біліктілік болған жағдайда ғана Актуарийға өз пікірін білдіруге немесе консультациялар беруге, не кәсіби қызмет көрсетуге  болады.

Бұл талаптардан тек, Актуарий басқа толығымен құзыретті, тиісті тәжірибесі бар актуариймен жұмыс жасаған жағдайда немесе Актуарийдің жұмыстан бас тартуы Принципиалды қолайсыз жағдайға қойған жағдайда ғана, ауытқуға болады.

Актуарий ҚАҚ жүктейтін біліктілік стандарттарына сәйкестігіне кәсіби жауап береді және сол стандарттардағы өзгерістерге хабардар болуы қажет.

 

Ақпаратты ашу

 

Актуарий Принципиал тапсырмасын орындау барысында өзі немесе оның фирмасы алатын барлық табыс немесе басқа материалдық сыйақы көздері жайында Принципалға толық және уақтылы хабарлауы тиіс.

Кәсіби қызмет көрсету кезінде қаржылы немесе ұйымдастырушылық тәуелсіздігі жоқ Актуарий Принципиалға кез келген анықсыз қарым-қатынастар жайлы хабарлауы керек.

 

Мүдделер қайшылығы

 

Егер кәсіби қызмет көрсету барысында нақты немесе ықтималды мүдделер қайшылығы туындайтын болса Актуарий қызмет көрсетпеу керек, келесі жағдайлардан басқа:

а)  бұл ретте Актуарий әділетті орындау мүмкіндігі сақталса;

б) Принципал(дар) нақты немесе ықтималды мүдделер қайшылығы жайында толығымен ақпарат алды;

в) Принципал(дар) Актуарийдің кәсіби қызмет көрсетуіне анық келісушілігін білдірді.

Егер Актуарийге кез-келген елеулі мүдделер қайшылығы жайлы белгілі болса, Актуарий Принципиалға сол қайшылықтар жайында, сәйкес шектеулер мен ақпаратты көрсете отырып кез келген сәйкес коммуникация барысында хабарлауы керек.

 

Жұмыс нәтижесін бақылау

 

Егер Актуарийда көрсетілген қызметтің адастыру, не заңнаманы орындаудан қашу немесе бұзу мақсатында қолдануы жайында негізделген пайымдаулар бар болса кәсіби қызметті көрсетпеген жөн.

Актуарий дайындаған материалдарды басқа тараппен үшінші тараптың іс-әрекетіне ықпал етуі үшін пайдаланылуына болады. Актуарий өзге мақсатпен материалға қате дәйексөз келтіру, оны қате түсіндіру не пайдалану тәуекелінің бар екенін мойындауы қажет, және материалдың анық, әділ ұсынылған болуына және материалдың ақпарат көздері анық сәйкестендірілуіне тиісті шаралар қолдану керек.

Кәсіби жұмыс нәтижелерін көрсеткен кезде, Актуарий ұсынылған нәтижелер үшін өзіне жауапкершілікті алғаны жайында нақты көрсетуі керек. Актуарий өзі не өзге ақпарат көздері Принципалға қосымша ақпаратты қандай шектерде ұсына алатынын көрсетуі тиіс, сондай-ақ жұмыс барысында қолданылған әдістер мен пайдаланылған деректерге қатысты түсініктеме беру керек.

Актуарий кәсіби жұмыс нәтижелерін көрсеткен кезде өзі қызмет көрсетіп отырған Принципиалды, және кәсіби міндеттердің орындалу сапасын анық көрсетуі тиіс.

 

Құпиялылық

 

Актуарий Принципиалга кәсіби тапсырмалар орындау барысында алынған кез келген құпия ақпаратты басқа тарапқа ашпауы тиіс, ақпарат ашуға Принципиалмен уәкілетті болған жағдайларды немесе ҚАҚ тәртіптік рәсімдерінің талаптарына сәйкес болған жағдайларды қоспағанда, бірақ құпия ақпаратты ашуға қатысты заңнамалық талаптар шегінде ғана.

 

Инабаттылық пен өзара әрекет

 

Актуарий кәсіби қызметін инабаттылықпен көрсетіп, Принципиал мүдделері үшін басқа тараптармен өзара әрекеттесу керек.

Актуарийлер арасында пікірлерінде айырмашылық туындауы мүмкін. Мұндай айырмашылықтарды талқылау, тікелей актуарийлер арасында болсын, немесе бір актуарийлердің клиенттерге ұсынылған жұмыстарына қатысты басқа актуарийлерге  ескертулер түрінде болсын, объективті жәнеинабаттылықпен жүргізілуі тиіс.

Тапсырманы немесе қызметтік міндеттерін орындау барысында Актуарий Принципиал мүддесі үшін басқа актуарийдің пікірінен ерекшеленетін, пікір айырмашылығын негіздейтін факторларды түсіндіре отырып, пікір білдіру керек жағдайларға тап болу мүмкін.  Осы Кодекстің бірде-бір ережелері Актуарийге Принципалға мұндай қарама-қарсы пікірді білдіруге тыйым салу ретінде түсіндірілмеуі тиіс.

Принципалдың кәсіби кеңесшіні таңдау даусыз құқығы бар. Актуарийге Принципиал өтініші бойынша. кез келген Принципиалға қызмет көрсетуіне болады, тіпті бұндай Принципиалға сол мәселе бойынша басқа актуарий қызмет көрсеткен немесе көрсету барысында болса да.

Егер Актуарийге Принципалға қызмет көрсету ұсынылып, бұған қоса осы Принципиалға сол мәселе бойынша кәсіби қызметті басқа актуарий қызмет көрсетіп жатқаны не жақын арада көрсетілгені жайында оған  белгілі болса, немесе солай пайымдауға негіз болса, онда Актуарий тапсырмаға тиесілі дайындалуы үшін және Актуарийдің осы тапсырманы өзіне алуы жайлы шешіміне ықпал жасай алатын, осы Кодексті мүмкін болатын бұзушылығымен байланысты жайттардың бар жоғын анықтау үшін айтылған актуариймен кеңес алуы саналы (дұрыс) іс болады.

 

Жарнама

Актуарийге кәсіби қызметіне қатысты, Актуарийдің білуі бойынша не белгілі болуы қажет, жалған не адастыратын жарнамалық қызметпен бизнесты жетілдірумен айналасуға болмайды. "Жарнама" сөзі кез келген тәсілмен жасалып жатқан, тікелей немесе жанама түрде кез-келген жеке тұлғаның немесе ұйымның кәсіби қызметтің қажеттілігі жайында немесе ондай қызметтерді орындайтын фирмаларды немесе нақты тұлғаны таңдауы жайында шешіміне ықпал ететін ауызша хабарламаларды қоса алғанда, барлық коммуникацияларға қатысты.

 

Лауазымдар мен атақтар

 

Актуарий, тек ҚАҚ белгілеген тәжірибеге сәйкес болған жағдайда ғана, ҚАҚ лауазымдары мен атақтарымен пайдалануына болады.