ҚАЗАҚСТАН АКТУАРИЙЛЕРІНІҢ ҚОҒАМЫ
  ӘРІПТЕСТЕР ҚОҒАМНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ БАЙЛАНЫСТАР RUS | KAZ | ENG
Қоғам туралы
Актуарий мамандығы
Қазақстандағы актуарийлерінің тізімі
Мүшелік жарна
Білім беру
Минималды міндетті программа
Курстар және емтихандар графигі
Актуарлық практика
Сақтандыру саласындағы заңдар
Этика кодексі
Оқиғалар
Семинарлар мен конференциялар
Нарық сұрақтары
Вакансиялар
Әдебиет
Пайдалы сілтемелер
 
                                                   Қоғам құрылымы

Қазақстандығы актуарийлер Қоғамының Басқармасы

 

Қазақстан актуарийлерінің қоғамы

      Қазақстандағы актуарийлердің кәсіптік ұйымы «Қазақстан актуарийлерінің қоғамы» деп аталады. Актуарийлер қоғамы 2001 жылы ақпанның 27 жұлдызында заңды түрде тіркелді.

     Қазақстанда актарий мамандығы 2001 жылы қаңтардың 1 жұлдызында күшіне енген сақтандыру ұйымдарын тіркеу мен қаржылық есеп беруінің жаңа стандарттары, халықаралық үлгілерге сәйкес сақтандыру нарығын ұйымдастырудың стандарттары мен принциптері заңды түрде енгізілген. Осы заңнамаға сәйкес, әрбір сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында лицензияланған актуариймен есептелген сақтандыру резервтері болуы міндет. Заңға сәйкес, актуарий ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкамен берілген актуарлық қызметті жүзеге асыру үшін лицензиясы бар жеке тұлға болуға құқылы. Біліктілік талап пен актуарийлерді лицензиялау тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының 2014 жылғы 26 шілдедегі №151 Қаулысында көрсетілген.

     Актуарийлерге білім беру бағдарламасы 2000 жылы Зи Майкл (FSA,FCIA), Маклауд Чарльз (FSA, FCIA, MAAA) және Шеперд Джон (Автралия Актуарийлер Институтының мүшесі) шетелдік актуарийлерімен жасалды. Бағдарлама алты (екі негізгі және төрт арнайы) оқу курстарынан тұрады және актуарлық қызметтің келесі салаларын қамтиды: пайыздық теория мен сақтандыру математикасы, жалпы сақтандыру және қайта сақтандыру, өмірді сақтандыру, зейнеткерлік сақтандыру және әлеументтік қамтамассыз ету, инвестициялар, сақтандыру ұйымдарының қаржылық есептігі, стохастикалық үлгілеу.

     Ұлттық мамандарды дайындау мәселесімен мезгіл-мезгіл курстарын өткізіп, біліктілік емтихандарын ұйымдастыратын Қазақстан актуарийлер Қоғамының білім беру Комитеті шұғылданады.


      1 және 2 курстар - негізгі, ал 3- 6 курстар - тереңдетілген болып саналады. Курстар әр түрлі ретпен өтілуі мүмкін. Бағдарлама қатысушылары 1-2 курстарының емтихандарын ойдағыдай тапсырғаннан кейін «Қазақстан актуарийлерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі бола алады және мамандығы бойынша жұмысқа тұра алады.

      1-6 курстары бойынша емтиханды ойдағыдай тапсырған соң, лицензиялау емтиханын өткен кісіге Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі актуарлық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензия тапсырады.       

      «Қазақстан актуарийлерінің қоғамы» Қоғамдық Бірлестігі - Халықаралық Актуарийлер Ассоциациясының бақылаушы мүшесі болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстан қаржылық нарығы кәсіпқор актуарийлердің тапшылығын бастан кешіріп отыр. Озат білімі, ірі сақтандыру компаниясында не мемлекеттік емес зейнеткерлік қорларда істеген елеулі тәжірибесі, мемлекеттік органдар мен сақтандыру не зейнеткерлік салаларының сеніміне ие, өзінің кәсіби деңгейін әрдайым көтеруге тырысатын актуарийлердің бәсекелестік артықшылықтары бар.

Актуарийлер қоғамы Дүниежүзілік Актуарийлер Ассоциациясының (IAA) толық мүшесі ретінде қабылданды.


 
 
Қазақстан актуарийлерінің қоғамы