ҚАЗАҚСТАН АКТУАРИЙЛЕРІНІҢ ҚОҒАМЫ
  ӘРІПТЕСТЕР ҚОҒАМНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ БАЙЛАНЫСТАР RUS | KAZ | ENG
Қоғам туралы
Актуарий мамандығы
Қазақстандағы актуарийлерінің тізімі
Мүшелік жарна
Білім беру
Минималды міндетті программа
Курстар және емтихандар графигі
Актуарлық практика
Сақтандыру саласындағы заңдар
Этика кодексі
Оқиғалар
Семинарлар мен конференциялар
Нарық сұрақтары
Вакансиялар
Әдебиет
Пайдалы сілтемелер
 
                                                  

Актуарлық қызмет туралы

Актуарий - тәуекел мен ықтималдықты бағалау үшін белгілі бір біліктілігі бар адам. Ол өз
білімін бизнес және қаржы мәселелеріне, әсіресе кездейсоқ жағдайлармен тығыз байланысты
сақтандыру мен демография сияқты салаларда қолданады.

Ұлыбританиялық Үкімет Актуарийі Дэйкин К

Тек қана актуарий болатын актуарий – актуарий емес.

Британдық актуарий Редингтон Ф.

      Актуарийлер – көпжақты мамандар – олар математика, статистика, экономика, демография, ықтималдылық теориясы мен қаржы сияқты ғылымдардан жақсы теориялық дайындығы мен қолданбалы шеберлігі бар аналитиктер. Осы аналитикалық және тәжірибелік білім кездейсоқ әлеуметтік факторларды есепке алып қаржылық үлгілеу кезінде қолданылады, бұл ұжымдық қаржылық институтардың экономикалық және әлеуметтік мәселелерін ескертуге және шешуге мүмкіндік береді. Жиналған статистикаға негізделіп, компьютерде бағдарламаланған математиқалық модельдер арқылы актуарийлер тәуекелді басқару әдістері қолдана отырып, жақын және ұзақ мерзімге қаржылық болжамдар жасайды. Басқаша айтқанда, актуарийлер топменеджерлерге мүмкін болатын шешімдердің салдарына аналитикалық негіздемелер мен баға береді. Жобаның сәтсіздікке ұшыраған жағдайында, дәл осы актуарийлердің өзі, орын алған жағдайдан ең төменгі шығындармен шығудың тәжірибелік шешімдерімен қамтамассыз етеді.

      «Актуарий» сөзі латын «actuarius» - есепші, жазушы – сөзінен шыққан. Ежелгі Римде осы мансапты атқарған адам, Сенатта мәжіліс хаттамасын жүргізген. Алайда, бұл сөз хатшылық мәнінен айырылып, 18 ғасырдың соңынан бастап сақтандыру ісіменен тығыз байланысты болып отыр. «Актуарий» мамандығының қазіргі замандағы түсініктемесінің шығу тегі алғашқы өмірді сақтандыру ұйымдарының пайда болуымен, сыйлықақыларды нақты ғылыми негізде есептеу қажеттіліктерінен пайда болды. Қазіргі заман тілімен айтқанда, бірінші актуарлық фирма 1762 жылы Ұлыбританияда ашылды. Кейінгі жылдары мұндай фирмалардың ұдайы көлемінің өсуі, нарық қажеттілігімен анықталды. Кәсіпқой актуарлық ұйымдар құру қажеттілігін ұғыну осы процестің қисынды қортындысы болып табылды. Осылай (1848 ж.) Лондонда актуарийлер институты мен (1856 ж.) Эдинбургте актуарийлер факультеті жарық көрді. Олардың негізгі міндеттері актуариялық істің теориясы мен практикасының дамуына жәрдем беру, біліктілік есептеулерге қажет статистикалық мәліметтерді қоса, актуарийлердің ақпараттық қамтамассыздануын жетілдіру болды. Сол кезден бастап, сақтандыру мен зейнеткерлік қамтамассыз ету туралы, қоғамдық қатынастардың осы саласын реттейтін мемлекеттік кесімдердің маңыздылығы түсініле басталды.

      Біздің елімізге қарағанда, актуарий мамандығы шетелде жоғары ықпалға ие. Мысалы АҚШ-та бұл мамандық беделді және қадірлі болып табылады, және мамандықтардың ең жорғары бағанасына (рейтинг) ие болып отыр. Бірақ, біздің қазақсандық институттарда бұндай мамандыққа қызығушылығын жоғарлатуда. Бізде актуарийлер сақтандыру компаниялары, банктер мен зейнеткерлік қорлар сияқты құрылымдарда сұранысқа ие.

      2001 жылы қаңтардың 1 жұлдызында күшіне енген сақтандыру ұйымдарын тіркеу мен қаржылық есеп беруінің жаңа стандарттары, халықаралық үлгілерге сәйкес сақтандыру нарығын ұйымдастырудың стандарттары мен принциптері енгізілген «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы арқылы Қазақстанда актуарий мамандығы құрылды. Жаңа заңнама бойынша, әрбір сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында лицензияланған актуариймен есептелген сақтандыру резервтері, барлық сақтандыру түрлері бойынша шығындылық коэффициентті болуы міндетті. Заңға сәйкес, актуарий ретінде ҚР-ң Ұлттық Банкімен берілген актуарлық қызметті жүзеге асыру үшін лицензиясы бар жеке тұлға болуға құқылы.

      Актуарлық қызметтің міндеті – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының төлем қабылеттілігі мен қаржылық тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында, сақтандыру мен қайта сақтандыру келісімдері бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономико-математикалық есептеулерін жүзеге асыру болып табылады.

      Актуарийлер сақтандыру компанияларының кеңсе қызметкерлерінің әдеттегі сұрақтарына жауап береді. Мысалы, франшиза – сақтандыру компаниясы төлемейтін залал мөлшерінің - болатын болса, тәекелден құтылу үшін төленетін сақтандыру сыйақысының қаншалықты төмендеуі қажет? Үлкен тәуекел болған жағдайда, қайта сақтандыру шығындарын есепке ала отырып, сақтандырушының қайта сақтандырушыға тапсыратын тәуекелдің үйлесулі деңгейі қандай болмақ? Осы және көптеген басқа сұрақтардың жауабын актуарийлер біледі. Актуарийлер сақтандыру үйымдары мен мемлекеттік емес зейнеткерлік қорлардың тарифтік саясатын анықтауда елеулі роль атқарып, қаржылық келісім міндеттемелеріне, бағалы қағаздар жиынтығының құнын бағалайды. Актуарийлер кәсіпорындағы қаржы менеджерлеріне, жалақыдан басқа, қызметкерлерге қатысты әр түрлі шығындарды бағалауға көмектеседі. Актуарлық болжамдар өтімділік дағдарыстарын, басқаша сөзбен айтқанда, төлемдерді жүзеге асыруға қажет бос ақша қаражаттарының жетіспеушілігін, болдырмауға мүмкіндік береді. Актуарийлер негізгі қаржылық дайындықтарының болу есебінен, кез-келген қаржылық жобалардың инфляция сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді есепке ала отырып, шығындардың өтелу мерзімі мен нәтижелелігін, болжамалы кіріс мөлшерін есептеу мәселесін орындай алады. Актуарлық қызмет қаржылық есептеулер мен бухгалтерлік еспке алу, қызметкерлер құрамын басқару аясында жүрген адамдарға қызықты, сонымен қатар актуарийлер өз жұмысы барысында осы аралас мамандықтардың мамандарымен тығыз байланыста болады.

      Қазір актуарийлерге қажетті университет, не басқа да дайындықтан өткен, емтихан тапсырған және формальды түрде актуарийлердің ұлттық кәсіптік ұйымдарға (мысалы, Ұлыбританиядағы акруарийлер Институты; АҚШ пен Канададағы актуарийлер Қоғамы; Финляндиядағы актуарийлер Ассоциациясы) кіретін кісілер жатады.

      1895 жылы Белгия, Франция, Германия, Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттарының ұлттық кәсіптік қоғамдары Брюсселде тіректенген, әрбір төрт жыл сайын өз Конгрестерін өткізіп отыратын (кезекті, 28-ші Халықаралық Актуарийлердің Конгрессі Парижде 2006 жылдың мамыр- маусым айларында өтті), Халықаралық Актуарийлердің Ассосациясын (International Actuarial Association – IAA) ұйымдастарды. Халықаралық актуарийлер конгрестерінің бірден-бір дәстүрі барлық ұлттық қоғамдардың актуарлық бірлестіктерге өздерінің құрылымы, қызметі, ғылым мен тәжірибидегі талғақты мәселелері, қызықты статистиқалық шамалары туралы ақпарат таратуына мүмкіндік беру болып табылады. Конгресстер таза және қосымша ғылымдардың өкілдерін қызықтыратын үлкен ғылыми бағдарламаны қамтиды.

      IAA – ның толық құқылы мүшесі болуы үшін, ұлттық актуарийлер ассосациясы мына шарттарды қанағаттандыруы қажет:

1. Осы елде кәсіптік қоғам ретінде заңды түрде рәсімделуі;
2. Европалық Актуарлық кеңес топтарының (европалық актуарийлер ассоциацияларын біріктіретін ұйым) талаптарына сәйкес этика кодексін енгізу;

3. Тәртіп – тәлім кодексін сақтау және шағым арыздарын қарастырудың теңбе-тең механизмінің болуы;

4. IAA – ның негізгі пән тізімдеріне сәйкес және 2005 жылдан бастап IAA толық құқылы мүше ретінде усынылатындарға қойылатын талаптарға сәйкес актуарийлерді дайындау;

5. Жыл сайынғы мүшелік жарнаны төлеу (қазіргі кезде ассосацияның бір мүшесіне – 6,5 канадтық доллар)

IAA www.acturies.orq вебсайтында IAA толық мүшелері болып саналатын ұйымдардың тізімі бар.


 
 
Қазақстан актуарийлерінің қоғамы